Еуропалық Одақ Алматыда білім беру жәрмеңкесін өткізуде

МАТЫ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Еуропалық Одақтың "Еуропада білім алу" жәрмеңкесі өтіп жатыр. Бұл ағымдағы жылға жоспарлаған 2 жәрмеңкенің алғашқысы болып отыр. Оны Еуропалық Одақтын Қазақстандағы өкілдігі мен Еуропалық Одаққа мүше-мемлекеттердің елшіліктері ұйымдастырды.
None
None

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл жәрмеңке Еуропада білім алу мүмкіндіктерін көрсететін коммерциялық емес ақпараттық-ағартушылық шарасы болып табылады. Оған бұл жолы Чехия, Германия, Франция, Польша, Венгрия, Италия, Нидерланд, Румыния, Испания, Словакия және Ұлыбритания елдері өз стендтерін ұсынуда. Сондай-ақ Еуропадағы ең танымал білім беру бағдарламаларын таныстыруда. Былтыр «Эрзамус Мундус» еуропалық стипендия бағдарламасының екінші іс-қимылы бойынша 140-тан астам қазақстандықтың білім алуына шәкіртақы берілген еді. Жалпы бұл бағдарламаның екінші бойынша қаржыландыруға еуропалық одақ жылына 1 миллионнан еуро бөлуде. Енді Қазақстандағы «Еуропада білім алу» жәрмеңкесі 15 қараша күні Астанада жалғаспақ. Оған еуропалық 15 ел қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар