Еуропалық одақ санкцияға ілінетін ресейліктердің тізімін кеңейтуі мүмкін

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялардың тоғызыншы пакеті аясында шектеуге жататын азаматтардың тізімін айтарлықтай кеңейтпек. Бұл туралы сейсенбі күні ресми дереккөздерге сілтеме жасап Politico мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуропалық одақ санкцияға ілінетін ресейліктердің тізімін кеңейтуі мүмкін

Басылымның жазуынша, Еуроодақ елдері «ұзын-сонар тізім ұсынған», қазір Еурокомиссия сарапшылары оны талқылап жатыр.

Politico-ның мәліметтеріне қарағанда, Латвия, Литва, Польша және Эстония сияқты мемлекеттерді Ресей мұнай бағасының шекті деңгейімен бір уақытта кезекті санкциялар пакетін жариялауға көндіргісі келеді.

Алайда кейбір еуропалық дипломаттар шектулер жинағы әлі дайын емес екенін және оны бағаның шегімен байланыстыру жағдайды одан бетер нашарлататынын алға тартып, бұл идеяны қолдамады. Оның үстіне Еурокомиссия жаңа шектеулер бойынша бейресми консультацияларды әлі бастаған жоқ.

Фото: assets.weforum.org