Еуропалық сарапшылар Қазақстан жайлы жаңа кітапты таныстырды
Нью-Йоркте тұратын экономист, Dr. Doom лақап атымен танымал кітап авторы Нуриэль Рубинидің айтуынша, жұмыс әртүрлі саладағы басқа да танымал мамандармен бірлесіп жасалған.
Кітап әртүрлі салалардағы жетекші шетелдік зерттеушілер мен сарапшылардың эсселер жинағы форматында жазылған.
Онда әлемдік қоғамдастықтың ғаламдық турбуленттік жағдайындағы Қазақстанның өзгерістері мен мүмкіндіктеріне, сондай-ақ республикада жүргізіліп жатқан реформалардың маңызына берген сараптамалық бағасы шоғырландырылған.
Ол экономикалық, монетарлық және қаржылық тәуекел сияқты көптеген қауіп-қатермен, сондай-ақ геосаясат, климаттың өзгеруі, пандемия, жаһандану, жасанды интеллектің пайда болуына қатысты күрделі мәселелермен ұштасатын бұрын-соңды болмаған белгісіздік кезіндегі өмір туралы баяндайды.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директоры Асқар Омаров Қазақстанға шолу жасаған кітап тосынсый болғанын айтады.
«Кітап әлемдік қоғамдастықтың елімізге деген үлкен қызығушылығын көрсетеді. Әлемде Қазақстанда болып жатқан экономика процестеріне соншалықты кең, бірақ сонымен бірге қысқаша шолуды қамтитын көп жұмыс жоқ. Кітап шетелдік те, қазақстандық оқырмандар үшін де қызықты болатынына сенімдімін. Ол қазақ тіліне аударылады деп үміттенеміз. Объективті көзқарас елімізде болып жатқан процестердің игіліктерін түсінуге көмектеседі», - деді Асқар Омаров кітаптың тұсаукесер рәсімінде.
Айта кетерлігі, бұл басылымда Қазақстан үшін жаһандық деңгейдегі өзгерістер мен мүмкіндіктерге қатысты әлемдік қоғамдастықтың сараптамалық бағалауы, сондай-ақ ел аясындағы ағымдағы реформалардың маңызы топтастырылған.
«Біз кітапта Қазақстан мен ЕО арасындағы экономикалық байланыстар өте жақын екенін көрсетеміз. Бірақ, сонымен бірге Қазақстаннан ЕО-ға экспорт тауарлар мен шикізаттан, ал Қазақстанға ЕО-дан экспорт дайын өнімдерден тұрады. Біз сондай-ақ екіжақты экономикалық интеграцияны тереңдетуге ықпал ететін арналарымызды талқылаймыз. Біз тығыз ынтымақтастықты және белгілі бір жеткізу тізбегіне байланысты тәуекелдерді қарастырамыз. Осыған байланысты, талдау жүргізу кезінде төрт қорытындыға келдік. Бұл тек Қазақстанның ғана емес, Еуразиялық одақтың да бизнес-модельдерін трансформациялауға негізделген. Біріншісі - интеграцияны тереңдету үшін стратегиялық жол картасын әзірлеу. Екінші қорытынды жеткізілім тізбегі мен құндылықтарды жаңартуды дамытуға байланысты. Бұл тереңірек стратегиялық ынтымақтастық үшін маңызды. Әлемнің басқа бөлігімен экономикалық қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, сауда серіктестерінің болашағы туралы да ұмытпауымыз керек. Осы себепті аталған бағытты жағырту маңызды. Сонымен қатар ол стратегиялық жол картасына біріктірілуі керек. Үшінші қорытынды - білімді кеңейту және ресурс пен технология алмасу. Яғни, сіз өндіре алмайтын нәрсені экспорттай аласыз. Сіз білім, зерттеу алмасуға инвестиция сала білуіңіз керек. Ал, соңғысы - шолу. Қаржыландыру шоғырын қарау маңызды. Өйткені бұл - стратегиялық ынтымақтастықты күшейтуді бастау мүмкіндігі. Кейіннен бұл экономикалық қатынастың қарқынды дамуына қол жеткізуге жақсы мүмкіндік болады», - дейді Еуропалық саясат желісі орталығының директоры Вопель Ханниг.