Еуропалықтар ЕО-дан шыққанды дұрыс көрмейді
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ елдері азаматтарының басым бөлігі өз елдерінің ЕО-тан кетуін қаламайды. Алайда «нәтиже болар деген үмітпен» мүшелікке қатысты ұлттық референдум өткізу идеясын қолдайды. Мұндай дерек америкалық Pew Research Center ұйымының зерттеулерінде келтірілген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Өткен жылмен салыстырғанда Еуроодақтың мүше елдері азаматтарына көрсететін қолдаулары артқан. Польшада 74%, бір жыл бұрын 72 пайызды құрады, Германияда - 68% (50%), Венгрияда 67% (61%).
«Еуропа континент азаматтарының аз бөлігі өз елдерінің ЕО құрамынан шығуын, көбісі ЕО-ға мүшелік жайлы үндеулері өздерінің жеке референдумдары арқылы жеткізілгенін қалайды», - дейді зерттеу авторлары.