Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары
АСТАНА. KAZINFORM — Еуростаттың соңғы деректері бойынша еуропалықтардың білім деңгейі бұрынғыдан да жоғары: барлық елде әйелдер ерлерден озып отыр, деп хабарлайды Euronews.

2014 жылы ЕО-ға мүше елдердің 25–74 жас аралығындағы тұрғындарының 26%-ы ғана жоғары білім алған болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 33,5%-ға дейін өсті.
Жоғары білім алған жастар (25–34 жас) үлесі бойынша көш бастап тұрған елдер:
- Ирландия
- Люксембург
- Кипр
Бұл елдерде жастардың 60%-дан астамы жоғары білімге ие.
Ал Румыния керісінше — соңғы орында: бұл елде 25–34 жас аралығындағы жастардың 30%-дан азы жоғары білім алады, бұл ЕО бойынша ең төмен көрсеткіш.
Ұрпақтар арасындағы алшақтық
Деректер әртүрлі ұрпақтардың білімге деген қатынасында өзгеріс барын көрсетеді:
- 25–54 жас аралығындағы ересектердің 82,7%-ы кемінде орта білім алған;
- Ал 55–74 жас аралығындағы үлкен буын өкілдерінде бұл көрсеткіш 70,4%.
Жастардың жоғары білім алу ықтималдығы үлкен буынға қарағанда екі есе жоғары:
- Жастардың — 39,8%,
- Үлкендердің — 23,9%.
Кәсіби білім алу деңгейі де ел мен жас ерекшеліктеріне байланысты қатты өзгереді:
- Люксембургте — орта білім алғандардың 96%-дан астамы кәсіби бағытты таңдаған (жас пен үлкендер арасында).
- Португалияда — үлкендердің тек 13,5%-ы кәсіби білім алса, жастарда бұл көрсеткіш 37,2%-ға тең.
Осындай кәсіби білімге бетбұрыс Грекия, Ирландия, Испания және Кипрде де байқалады. Бұл Еуропада нақты дағдыларға бағытталған білімге көшу үрдісін көрсетеді.
Әйелдер білім алуда ерлерден озып барады
Бүкіл Еуропа бойынша әйелдер ерлерге қарағанда көбірек және ұзақ білім алады.
- 2024 жылы 25–34 жастағы әйелдердің 49,9%-ы жоғары білім алған;
- Ерлер арасында бұл көрсеткіш — 38,7%.
- 10 жыл ішінде бұл алшақтық 1%-ға арта түскен.
Орта білім бойынша да айырмашылық бар:
- 20-24 жас аралығындағы әйелдердің 86,8%-ы,
- Ерлердің 81,8%-ы орта білім алған.
Тек Румынияда ерлер әйелдерден сәл алда тұр.
Осыған дейін Француз сарапшысы Еуропа алдында тұрған басты қауіпті атады.