Еуропарламент депутаттары Урсула фон дер Лейенді алып тастай ала ма

АСТАНА. KAZINFORM —  Еуропалық Парламенттің Страсбургтегі алдағы отырысында Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйенге сенімсіздік вотумын жариялау бойынша дауыс беру өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

 Урсула Ляйен
Фото: europa.eu

Осылайша, Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен өз өкілеттігінің екінші мерзімінде елеулі сын-қатерге тап болды.

«Pfizergate» деп аталып кеткен дауға байланысты бірқатар радикалды оңшыл еуродепутаттар оған сенімсіздік вотумын жариялау бастамасын көтерді.

Бұл мәселе бойынша дауыс беру 10 шілдеге белгіленген және оның нәтижесі бүкіл Еурокомиссияның болашағына елеулі әсер етуі мүмкін.

Оқиға COVID-19 пандемиясы кезінде Урсула фон дер Ляйен мен Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла арасындағы келіссөздерге қатысты тергеуден басталды. Еуропалық сот Еурокомиссия басшысы 35 миллиард еуро көлеміндегі вакцина сатып алу мәмілесіне қатысты хат-хабарды «заңсыз жасырған» деген қорытындыға келді. Бұл жайт оның әрекеттерінің ашық еместігі мен өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны жөнінде айыптауларға негіз болды.

Сенімсіздік вотумын негізінен Брюссельдегі биліктің шектен тыс орталықтандырылуын сынға алатын, оңшыл-консервативті «Еуропалық консерваторлар мен реформашылар» фракциясының мүшелері бастаған. Инициаторлар қатарында Франциядағы оппозициялық «Ұлттық бірлестік» партиясы, Италия премьері Джорджия Мелонидің одақтастары, сондай-ақ Польша, Германия және Венгрияның оңшыл депутаттары бар. Барлығы 74 депутат қол қойған.

Еуропарламент ережелеріне сәйкес, сенімсіздік вотумының қабылдануы үшін қатысушы депутаттардың үштен екісі дауыс беруі керек, әрі депутаттардың жалпы санының абсолютті көпшілігі (яғни 720 депутаттың кемінде 361-і) бұл бастаманы қолдауы тиіс.

Саяси күштер теңгерімін ескере отырып, сарапшылар Урсула фон дер Ляйеннің қызметінен босатылуы екіталай деп есептейді. Алайда бұл дауыс беру фактісінің өзі оның саяси беделіне соққы болып, Еуропарламент ішіндегі наразылықтың күшейіп келе жатқанын аңғартады.

Осылайша, Урсула фон дер Ляйенге қарсы сенімсіздік вотумы – жай ғана саяси шабуыл емес, Еуроодақ институттарына деген сенім дағдарысының көрінісі. Крайне оңшыл күштердің танымалдығы артып келеді және олардың әрекеті қоғамның ашықтықты, есеп беруді және ЕО-ның жоғарғы деңгейінде де «кулуарлық мәмілелерден» бас тартуды қалайтынын көрсетеді.

Айта кетейік, Урсула фон дер Ляйен 2024 жылдың шілде айында Еуропалық комиссия президенті қызметіне екінші мерзімге қайта сайланған болатын.

Айта кетелік Еуропа парламентінде Урсула фон дер Ляйенге сенімсіздік вотумы процедурасы басталғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар