Еуропарламент депутаты Струан Стивенсон Семей университетінде дәріс оқыды

СЕМЕЙ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - ЕҚЫҰ төрағасының экология және қоршаған орта проблемалары жөніндегі жеке өкілі, Еуропарламент депутаты, Семей университетінің құрметті профессоры Струан Стивенсон Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы: Семей
None
None

полигонымен және Арал теңізімен байланысты қоршаған орта мәселелері. Еуропарламент депутатының көзқарасы» - деген тақырыпта дәріс оқыды.

Еуропарламент депутатының дәрісі Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өркендеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын насихаттау жөніндегі университет жоспарының аясында өтті.

«ЕҚЫҰ туралы және экология мен қоршаған ортаны қорғаудағы оны ролі туралы айтқан Струан Стивенсон мырза, аталмыш ұйымның о баста әлемдік сахнада заманауи жаһандық ығыт контексінде айрықша орын алып отырған қауіпсіздік жөніндегі үлкен ұйым ретінде пайда болғанын атап көрсетті.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау міндетке лайықты тұлға екендігіне еш күмән жоқ. Ол - жасампаз тұлға. Екі онжылдыққа жуық мерзімнің ішінде ол Қазақстанды Орталық Азияның ең қарқынды дамушы және қуатты еліне айналдырды. Ол сәулеті алыстан көз тартқан және жұрттың көзайымына айналған Астананы тұрғызды. Және халқы мәдениетаралық және ұлысаралық келісімде өмір сүретін көпұлтты және копконфессиялы мемлекет ретінде Қазақстанның халықаралық беделін асырды. Осы тұрғыда мен, ЕҚЫҰ төрағалығының Қазақстанға экономикалық рецессияның жаһандық проблемалармен айналысу, экстремизммен және лаңкестікпен күресу, Ауғанстанда жалғасып отырған қақтығыстармен және бостандық проблемаларымен, демократиямен және адам құқықтарымен айналысу мүмкіндіктерін беріп отырғанымен толық келісемін», деді Еуропарламент депутаты өз сөзінде. Дәріс соңында Струан Стивенсон оқытушылар мен студенттердің сауалдарына жауап берді.

Соңғы жаңалықтар