Еуропарламент Еурокомиссияның жаңа құрамын бекітті
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Страсбург қаласында өткен Еуропарламенттің көшпелі отырысы барысында оның президенті Урсула фон дер Ляйеннің екінші мандаты кезіндегі Еуропалық комиссияның жаңа құрамы бекітілді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Құрамды 370 адам қолдап, 282 адам қарсы дауыс берген, 36 депутат қалыс қалды.
Дауыс беру алдында У.Ляйен өз командасы мен бағдарламасын таныстырды.
«Біз жұмысты дереу бастауға дайынбыз», — деді ол өзі басқаратын комиссия әрқашан бостандық, егемендік, қауіпсіздік пен өркендеу үшін күреске адал болатынын атап өтіп.
У.Ляйен Еуропалық комиссияның бірінші бастамасы АҚШ пен Қытайдан Еуропаның инновациялардағы алшақтығын азайтуға, қауіпсіздік пен тәуелсіздікті арттыруға және декарбонизацияны қамтамасыз етуге арналған «Бәсекеге қабілеттілік компасы» болатынын жариялады.
Еуропалық «жасыл мәміле» туралы айта отырып, ол: «Біз оның мақсаттарына жету үшін бағытты ұстауымыз керек және солай болады» деді. Ол жасыл өнеркәсіптік келісімді енгізуге, еуропалық автомобиль өнеркәсібінің болашағы туралы стратегиялық диалогты бастауға, бәсекеге қабілетті айналмалы экономика мен Еуропалық жинақ және инвестиция одағының құру жолындағы жұмысты жалғастыру міндетін өзіне алды.
Әлемде болып жатқан қақтығыстар туралы айта келе, У.Ляйен «Еуропа осы салалардың барлығында белсендірек рөл атқаруы керек» деп, бұл «бұрынғыдан да қажет» екенін атап өтті.
Біздің қауіпсіздігімізді нығайту шешуші мәнге ие деді ол Еуропаны қорғанысқа көбірек ақша бөлуге шақырып.
«Еуропаның қауіпсіздігі әрқашан осы Комиссияның басымдығы болады», — деп қосты ол.
У.Ляйен және оның жаңа командасымен талқылаудан кейін Еуропарламент мүшелері Комиссарлар алқасын сайлады.
Комиссарлар алқасы өз міндеттеріне биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап кіріседі деп күтіліп отыр. Еуропарламент мүшелері алдағы бес жылда Еурокомиссия міндеттемелерінің орындалуын бақылайды.
Еске салсақ, бұған дейін Германияда тұтынушылардың сенім индексі жұмыс орындарының қысқару қаупіне байланысты төмендегені хабарланды.