Еуропарламентте Қазақстандағы БАҚ бостандығы мен азаматтық қоғамы жөніндегі конференция болып өтті

БРЮССЕЛЬ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Сейсенбі, 8 ақпан күні Брюссельдегі Еуропарламенттің штаб-пәтерінде «Қазақстан: бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам бостандығы» атты конференция болып өтті.
None
None

Жиын Еуропарламенттің адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің көмегі арқасында «Ашық диалог» польшалық қорының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.

Еуропарламенттің адам құқықтары жөніндегі кіші комитетінің төрағасы Хейди Хауталының айтуынша, Еуропарламенттің негізгі мақсаты - Еуроодақтың үшінші елдермен еуропалық демократиялық құндылықтарға негізделген ынтымақтастық рухын қалыптастыруға саяды.

Оның пікірінше, бүгінгі таңда ортаазиялық елдердегі адам құқықтарына байланысты жағдайдың жақсарғандығы туралы сөз қозғауға ерте, алайда Қазақтан Президентінің президент өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдум өткізуден бас тарту туралы шешімі азаматтық қоғамның белсенді ұстанымы бар екенін көрсетеді.

Конференцияға Еуропарламент депутаттары, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының, азаматтық қоғам мен Еуроодақ жанындағы ҚР миссиясының өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар