Еуропарламентте «Қазақстанның төрағалығы аясындағы ЕҚЫҰ-ның Ауғанстандағы басымдықтары» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтті
![None None](/static/img/plug.webp)
Н.Дева атап көрсеткендей, заңдылықты нығайту және Ауғанстандағы басқа да проблемаларды шешу жөніндегі міндеттемелер сол елдегі және жалпы аймақтағы ахуалды әрі қарай қалыптандыру процесінің бір сарасы болып табылады. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының аясында дәл осы мәселелермен айналысуда. Осы проблемаларды талқылауға атсалысып отырғаныма мен қуаныштымын», деді ол.
Өткен жиынның барысында сондай-ақ, біздің республикамыздың ЕҚЫҰ төрағалығындағы негізгі басымдықтардың бірі ретінде Ауғанстан проблемасының таңдалу маңыздылығы атап көрсетілді. Баршаға аян, Қазақстан бірнеше жыл қатарынан Ауғанстанға қомақты көмек көрсетіп келе жатыр. Ал 2010 жылдан бастап біздің еліміз республика университеттерінде азаматтық мамандықтар бойынша мыңдаған ауғандықтарды оқытудың арнайы бағдарламасын қолға алып отыр. Бұл мақсатқа Астана 50 миллион АҚШ долларын бөлуде. Қазақстан сондай-ақ орталықазиялық елдердің периметрі бойынша Ауғанстанның шекарасын нығайту, трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту, құқық қорғау қызметін күшейту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға және қолдауға белсенді атсалыспақ.
Қазақстан сондай-ақ 2010 жылдың қыркүйек айына белгіленген ашық парламенттік сайлаудың өткізілуіне де өз тарапынан қолдау көрсетуге әзірлік білдірді.