EuroSkills: Қазақстандық сарапшылар Еуропа чемпионатында төрелік етеді

АСТАНА. KAZINFORM — EuroSkills-2025 байқауының қатысушыларына қазақстандық сарапшылар да баға береді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық құрамасының сарапшысы Kazinform тілшісіне берген сұхбатында хабарлады. 

EuroSkills: Қазақстандық сарапшылар Еуропа чемпионатында төрелік етеді
Фото: Еркебұлан Махмұтовтың жеке архивінен

— Мендегі құзіреттілік — наубайхана ісі. Бұл чемпионатта халықаралық сарапшылармен бірге қатысушылардың жұмысына баға беремін. Нанның дәміне, сыртқы көрінісіне, пісуіне қарай бағалаймыз. Байқауға 14 елден сарапшы қатысады. Олардың бәрі алдын ала іріктеуден өткен. Мұндай шарада сарапшы болу үшін халықаралық дәрежең болуы керек. Мен осындай әлемдік чемпионатқа 2 рет қатысқан соң, өз түйіндемемді тапсырып, сарапшылар тізіміне іліктім. Наубайхана ісі бойынша 13 қатысушы бақ сынайды, — дейді Еркебұлан Махмұтов.

Айта кетейік, EuroSkills-2025 чемпионатында 28 қазақстандық жас маман бақ сынайды

Соңғы жаңалықтар