ЕҰУ-дың сәулет, дизайн және бейнелеу өнері факультетінде Испанияның Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Кеше, 5 ақпанда Испанияның Қазақстандағы елшісі Альберто Антон Кортес сәулет, дизайн және бейнелеу өнері факультетінде қадірменді қонақ болды, деп хабарлайды білім ордасының баспасөз орталығы.
None
None

Кездесу барысында Альберто Антон Кортес алдағы уақытта университетпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасап, екі елдің студенттері мен профессор-оқытушылары арасында тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға ұсыныс жасап, студенттерді испан еліне оқуға шақырды.

Сәулет, дизайн және бейнелеу өнері факультетінің деканы Әуез Кеңесбекұлы испан ғалымдарын PhD докторларына кеңесші болуға шақырып, аталмыш мемлекетпен біріге отырып, қос диплом жүйесін жүзеге асыруға ұсыныс жасады.

Испандық қонақ Астананың жоғары сәулет туындыларына қызыға қарайтынын жеткізіп, сәуір-мамыр айларында Испания сәулетшілерінің туындыларынан көрме ұйымдастыруды ойластырып жатқандықтарын жеткізді.

Айта кетер жәйт, Испанияның Қазақстандағы елшісі Альберто Антон Кортес 28 ақпанда университеттің бас ғимаратында Қазақстан мен Испанияның қарым-қатынасы туралы баяндама жасайды деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар