Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан елге 7300 адам жеткізілді – ҚР СІМ

АСТАНА. KAZINFORM -Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

МИД РК, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды.

Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылып жатыр.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста.

Осыған дейін наурыздың 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыстан елге 1 786 жолаушы жеткізілгені туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум