Эвересті бағындырған қазақстандық альпинистерге пәтер берілді

үйлі болды
Фото: А. Павский

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Ғаламшардың ең биік шыңы Эверест шыңына (8 848 м) шыққан қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева және Әлмір Қымбатбайұлына пәтер сертификаттары табыс етілді. 

Бүгін экспедиция қатысушылары – Эверестке шыққан тарихтағы тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева мен оның жетекшісі, ғаламшардағы 14 сегіз мыңдықтың барлығын бағындырған аты аңызға айналған қазақ альпинисі Мақсұт Жұмаев және Әлмір Қымбатбайұлы баспасөз мәслихатын өткізді. 

баспасөз мәслихаты
Фото: А. Павский

Іс-шара барасында қазақстандық ірі құрылыс компаниясы үш альпинистке Алматыдан екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. 

Еске салайық, Эверестті бағындырған альпинистер елге 20 мамырда оралған болатын. 

Бұған дейін қазақ қызы тұңғыш рет Эверест шыңына шыққаны туралы жазған болатынбыз. 

Айта кетейік, экспедицияның мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік туын әлемнің ең биік шыңында көтеру болды. 

Соңғы жаңалықтар