18:04, 08 Мамыр 2009 | GMT +5
Эверест шыңынан мерекелік сәлем: қазақстандық альпинистер ардагерлерді құттықтады
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Жеңіс күні қарсаңында әлемдегі ең биік Эверест шыңын бағындырып жатқан 12 адамнан құралған, құрамында альпинизмнен халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері, ТМД-дағы әртүрлі жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы,

Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанатының төрағасы Мақсот Жұмаев бар қазақстандық команда 5300 метр биіктіктегі базалық лагерьден ардагерлерді, жастарды, бүкіл Қазақстан халқын құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Олар «Қазақстандық құрама әлемнің ең биік шыңдарында» бағдарламасы ауқымында көтеріліп отыр. М.Жұмаев биік шыңдарға 15 рет көтерілген әлемнің сегізмыңыншыларының бірі, соның ішінде Эверест те бар. Қазақстандық альпинистер Эверест шыңына алғаш рет 1982 жылы мамырдың 8-інде көтерілген болатын.