18:51, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Евгений Аман Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды
ҚОСТАНАЙ. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Жақында ғана ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен кеткен Евгений Аман Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы өкімге облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов қол қойды.

Бүгін Е. Аман облыс активіне таныстырылды. Н. Сәдуақасов мәлім еткендей, әкімнің бірінші орынбасары қызметіне әзірге ешкім тағайындалған жоқ. Бұған дейін хабарланғадай, бүгін Виктор Мейстер өз еркі бойынша бұл қызметтен кетті.