19:40, 18 Ақпан 2013 | GMT +5
Евгений Аман ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды
АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Евгений Иосифович Аман басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.