20:36, 12 Маусым 2024 | GMT +5
Евгений Федоров велоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда велоспорттан Азия біріншілігі жалғасып жатыр. Бүгін ерлер арасындағы топтық жарыс жеңімпазы анықталды.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 151 шақырымға созылған жарыста қазақстандық Евгений Федоров қола жүлдеге қол жеткізген.
Аталған доданың алтынын Оңтүстік Корея өкілі Ро Ким жеіп алған, ал күміс медаль қытайлық спортшы Сянжин Льюге бұйырды.
Айта кетейік, бұған дейін Евгений Федоров жекелей сында топ жарған болатын. Сондай-ақ велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан аралас эстафетада жеңіске жеткен еді.