Велоспорттан Азия чемпионаты: Қазақстан аралас эстафетада жеңіске жетті

Велоспорт
Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Алматыдағы Азия чемпионатында велоспорттан Қазақстан командасы чемпион атанды. 

Аталған бәсекеде жарыс жолына Рината Султанова, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова, Фаина Потаповалар шығып, үздік нәтиже көрсетті.

Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Гонконг командалары иеленді. 

Бұған дейін Алматыда 5-12 маусым аралығында велоспорттан Азия чемпионатының өтуіне байланысты жолдың кейбір аумағында қозғалыс уақытша өзгеретінін жазған едік. Сондай-ақ велоспорттан ерлер және әйелдер арасында Азия чемпионатына кімдер қатысатынын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар
telegram