Велоспорттан ерлер арасында Азия чемпионатына кімдер қатысады

Велоспорт
Фото: olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Алматыда алғаш рет тас жол веложарысынан Азия чемпионаты өтеді. Аға жаттықтырушы Даниил Фоминых Азия біріншілігінде ойын көрсететін андерлер мен ерлер құрамасын жариялады. Бапкердің айтуынша, бұл жолы еліміздің намысын ең мықты деген спортшылар қорғайды. 

Андерлер арасында жекелей сында Андрей Ремхе сайысқа түссе, топтық сында Николя Винокуров, Руслан Алиев, Рудольф Ремхе, Андрей Ремхе жарыс жолына шығады.

Ал, элита өкіледрі арасындағы эстафетада Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, жекелей сында Евгений Федоров жүлдеге таласады. Топтық жарыста Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Глеб Брусенский, Евгений Гидич сайысқа түседі. 

«Биыл Азия чемпионаты басқа ірі халықаралық жарыстармен тұспа-тұс келді. Сондықтан Astana Qazaqstan Team шабандоздары бос емес. Биылғы Азия чемпионатын өткізу мерзімі сәл кейін жарияланды. Сол себепті Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Луценкода қазақстандық велокоманда құрамында жарыстар жоспарланған еді», - деді Даниил Фоминых. 

Еске салсақ, бұған дейін Азия чемпионатында әйелдер арасында сынға түсетін құрама спортшыларын жазған едік. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты Халықаралық велосипедшілер одағының қағидасына сәйкес өткізіледі. Құрлықтық дода 12 маусымға дейін жалғасады.  

Соңғы жаңалықтар
telegram