12:42, 15 Желтоқсан 2025 | GMT +5
Евгений Кошкин Норвегиядағы әлем кубогі кезеңінде алтыншы орын алды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Норвегияның Хамар қаласындағы әлем кубогі кезеңінде үздік ондықтың қатарына енді.
ҚР ҰОК мәліметінше, спортшы 500 метр қашықтықта сәтті өнер көрсетті. Мәреде Кошкин 34,56 секунд нәтиже тіркеп, алтыншы орынды иеленді.
Жарыста жеңіс америкалық Джордан Штольцқа бұйырды — 34,14. Күміс жүлдені поляк Дамиан Журек иеленді — 34,14. Қола медаль жапониялық Юта Хироисеге тиді — 34,44.
Айта кетейік, қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды.