«Евровидение» финалына қандай елдер жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – 14 мамыр, бейсенбі күні кешке Аустрия астанасында екінші «Евровидение» жартылай финалы аяқталып, финалға қатысушылардың ондығы анықталды. 

«Евровидение» финалына қандай елдер жолдама алды
Фото: Евровидение

Аустралия, Албания, Болгария, Дания, Кипр, Мальта, Норвегия, Румыния, Украина және Чехия өкілдері финалға шықты. 

Оларға бірінші жартылай финалдың тағы 10 жеңімпазы (Бельгия, Греция, Израиль, Литва, Молдова, Польша, Сербия, Финляндия, Хорватия және Швеция) қосылады. 

Сонымен қатар финалға тағы 5 ел тікелей қатысады: Ұлыбритания, Германия, Италия және Франция, олардың бәрі – Еуропалық хабар тарату одағының ең ірі қаржылық серіктестері. Алдыңғы байқауда жеңіске жеткен ел де автоматты түрде финалға жолдама алады. Биыл Аустрия да бұл құқыққа ие болды. 

2026 жылғы «Евровидение» финалы 16 мамырда Венада өтеді. Хабар тарату Орталық Еуропа уақыты бойынша сағат 21:00-де (17 мамыр, Астана уақыты бойынша сағат 01:00) басталады деп жоспарланған. 

Естеріңізге сала кетейік, 70-ші «Евровидение-2026» ән байқауының ресми ашылуы 10 мамырда Венада өтті.