«EXPO 2017 - Өңірлік бастамалар» форумының аясында 4 меморандумға қол қойылды

АҚТАУ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - «EXPO 2017 - Өңірлік бастамалар» форумының аясында 4 меморандумға қол қойылды.
None
None

Бірінші меморандумға - Маңғыстау облысы әкімдігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ арасында индустриялық-инновациялық қызмет саласында ынтымақтастық жөнінде меморандумға облыс әкімінің орынбасары Біржан Қанешев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ инновациялық даму және сервистік жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары Мағзұм Мырзағалиев қол қойды.

Екінші меморандумға - Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ және General Electric компаниясы арасында құжатқа облыс әкімінің орынбасары Біржан Қанешев, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Рыспанов және Қазақстандағы және Орталық Азиядағы «General Electric International Inc.» компаниясының директоры Константин Назаров қол қойды.

Үшінші меморандумға - Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Энерджи Уорлдвайд Холдинг» (Energy Worldwide Holding) холдингі арасында жел энергетикасының дамуы саласында әріптестік орнату ниеті жөнінде құжатқа облыс әкімінің орынбасары Біржан Қанешев, «Энерджи Уорлдвайд Холдинг» компаниясы басқармасының төрағасы Алекс Пилетски және «Инвест Грин» (Invest Green) компаниясының директоры Сәуле Қарымсақова қол қойды.

Төртінші меморандумға - ҚР Маңғыстау облысы әкімдігі және «Пуро-Клима Экспорт» (PURO-KLIMA Export, Чехия Республикасы) АҚ арасында құжатқа облыс әкімінің орынбасары Біржан Қанешев пен «Пуро-Клима Экспорт» АҚ-ның президенті Яромир Фербр қол қойды.

Соңғы жаңалықтар