«Expo Milano-2015»: Астана жайлы 3D-фильм Қазақстан павильоны қонақтарын тәнті етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана жайлы 3D-фильм Қазақстан павильоны қонақтарын тәнті етті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Expo Milano-2015» Бүкіләлемдік көрмесіндегі ҚР Ұлттық секциясының бас комиссары Әнуарбек Мусин мәлім етті.
None
None

«Павильонда біздің елордамызға саяхат жасауға мүмкіндік беретін арнайы орын бар. Бұл бөлмеге келушілер 3D көмегімен тамаша көріністерге тәнті болады. Яғни, сфералық кинотеатрда біз бірнеше технологияны ұштастырдық. Одан біз елордамыздың неонды бейнесін тамашалай аламыз. Астананы аспан шайдай ашық күндердің бірінде түсіріп, оны 3D-Ipad-қа жүктедік. Ондағы суреттерді толық тамашалай отырып, елорданы аралап шыққандай әсер алуға боолады. Тіпті, біз болашаққа 2017 жылға аяқ басып, елордада өтетін ЭКСПО-2017 нысандарын да тамашалауға мүмкіндігіміз бар», - деді ол.

Оның атап өтуінше, не бәрі 5 минуттық бейне материал Күнде орын алған жарылыспен басталады. Осыдан кейін адамдар Жерді бірнеше мәрте айналып шығып, Қазақстанға тап болады.

«Біздің даламыз бен тауларымыздың үстінен өткенде тамаша көрініске тап боласың. Біз онда еліміздегі алма бақтарын, егістік алқаптарын көрсетіп, Каспий теңізімен жүзгендей әсерде қалдырамыз. Фильмнің соңғы 2 минуты елордамыз - Астанаға арналған», - деді Ә.Мусин.

Соңғы жаңалықтар