ЭЫДҰ ҚР АШМ-ның қолдауымен еліміздің аграрлық саясатына шолу әзірлеуді бастады

АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) әзірленген «Қазақстанның Аграрлық саясаты» шолуын талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті.
None
None

Қазақстанда «Бәсекелестік қабілеттіліктің еуразиялық бағдарламасы» ЭЫДҰ жобасы ҚР Үкіметінің сұранымы бойынша қызмет етуде, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Аталған жоба Үкіметке тікелей шетелдік инвестицияларды әртараптандыру әрі көбейту мәселелері, сонымен бірге экономиканың барлық салаларының, соның ішінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша кеңес береді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаға қатысу аясында елдің агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және шетелдік инвестицияларды тарту өсімін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құрылған болатын.

ҚР АШМ мен оның ведомствоға қарасты құрылымдардың қолдауымен ЭЫДҰ 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының шолуын әзірлеуді бастады.

Шолу ЭЫДҰ әдістемесі бойынша екі жыл сайын. Ауыл шаруашылығы саласындағы өндірушілерді қолдаудың есептелген коэффициенттері негізінде елдің аграрлық секторында жүргізілетін саясаттың ықпалын бағалау бойынша экономикалық-математикалық үлгісі әзірленіп, болашақта аграрлық саясаты саласындағы шешім қабылдаудың негізгі құралы болып саналады.

Аграрлық саясатының шолулары ЭЫДҰ барлық елдеріне, сонымен қатар ЭЫДҰ кірмейтін бір қатар елдеріне, әсіресе Бразилия, Қытай, Ресей, Украина және ОАР арналып бірыңғай стандарттар бойынша әзірленген болатын.

Дөңгелек үстелде шолудың алдын ала нұсқасы көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар