«Эйр-Астананың» «Астана-Париж» бағытындағы рейсі 2015 жылдың наурызынан бастап ұшады
Оның айтуынша, Еуропалық комиссия жылына екі мәрте Қазақстанның Еуропаға ұшуға тыйым салынған компаниялары туралы тізімді жариялап тұрады.
«Ұшулар қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық комиссияның сайтында бұндай ақпарат жүйелі түрде шығып тұрады. 25 наурызда өткен соңғы отырыста «Эйр Астана» компаниясы осы тізімнен шығарылған болатын. Енді олар келісі жылдың наурыз айынан бастап, «Астана-Париж» бағытында ұшуды бастауды жоспарлап отыр», - дейді Серік Мұқтыбаев.
Оның сөзіне қарағанда, авиатасымалдаушылардың Еуропада ұшуға тыйым салынған «қара тізіміне» халықаралық ұшуларды жүзеге асырмайтын қазақстандық 19 компания кіріп отыр. Олардың ішінде тек «СКАТ» әуе компаниясы ғана ТМД аумағында чартерлік тасымалдар жасап жүр.
«Бүгінгі күні Еуропалық комиссияның «қара тізімінде» әлемнің 22 елінен 310 әуе компаниясы еніп отыр», - дейді С. Мұхтыбаев.