«Эйр Астананың» Дубайға бет алған ұшағы Алматы әуежайына қайта қонды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астананың» Алматы-Дубай бағытындағы рейсі техникалық ақауларға байланысты әуежайға қайта қонды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Бүгін Алматыдан Дубайға КС895 рейсін жасаған ұшақ техникалық ақаулар салдарынан Алматы әуежайына қайта оралып, 8:33-те қонды. Ұшқыш барлық халықаралық қауіпсіздік тәртібін сақтады. Борт басқа әуе кемесімен алмастырылды», - делінген хабарламада.

Рейс сағат 10:15-те ұшады.

22 наурыз күні аталмыш әуе компаниясының Алматыдан Бішкекке жасаған КС109 рейсі техникалық ақаулар салдарынан Алматы халықаралық әуежайына қайтып келген еді. Компанияның ақпараты бойынша, жолаушылар басқа әуе кемесімен өз саяхаттарын жалғастырды.

Еске сала кетейік, әуе компаниясының 2017 жылдың 5 наурыз күні Алматы-Орал бағытында ұшқан ұшағынан да ақау шығып, Ақтөбеге қонған еді. 

Соңғы жаңалықтар