«Эйр Астананың» ұшағы 85 жолаушысымен көкке көтеріліп, апатты жағдайда жерге қайта қонды
АСТАНА. 3 желтоқсан. ҚазАқпарат - 1 желтоқсан күні сағат 23.30-да Астана қаласы әуежайына, сол жақ қозғалтқышының температурасының жоғарылауы салдарынан «Эйр Астана» әуе компаниясының «А-321» әуе кемесі қайта қонуға мәжбүр болды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша 22.35-те Астана қаласының әуежайынан ұшып шыққан болатын.
Дабыл түскеннен кейін жиналу орнына Желілік полиция бөлімінің және Астана қаласы әуе көлігі прокуратурасының қызметкерлері келіп жетті.
Ұшақ бортында 85 жолаушы мен 10 экипаж мүшелері болған.
Экипаж мүшелері, жолаушылар және қызмет көрсетушілер арасынан зардап шеккендер жоқ.
2 желтоқсанда «А-321» әуе кемесі тексеріліп, ақауы қалпына келтірілгеннен кейін өз бағыты бойынша ұшып кетті.
Қазір тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде.