Facebook ақпарат индустриясын қолдауға 1 млрд доллар инвестицияламақ

Австралия билігімен даулы жағдайды реттеу туралы түсініктеме берген Клегг Facebook-тің жаңалық таратушы басылымдармен серіктестік қатынастарды ретке келтіруге ниетті екеніне сендірді.
«Сондықтан біз 2018 жылдан бері ақпарат индустриясын қолдауға 600 млн долларды инвестициялап, алдағы үш жылда тағы 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отырмыз», - деп ақпараттандырды ол.
Facebook вице-президенті америкалық компанияның өткен айда The Guardian, The Daily Telegraph, Financial Times, Daily Mail, Sky News және тағы басқа БАҚ-тардың әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастырылған контент үшін төлем жасау бойынша келісім жасалғанын еске салды. Осыған ұқсас келісімдер америкалық ақпарат таратушы басылымдарымен жасалды, сонымен қатар Германия және Франция елдерінің БАҚ-пен белсенді келіссөздер жүргізіліп жатыр.