02:09, 16 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Facebook-те «ұнамайды» деген тетік пайда болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook компаниясының басшысы Марк Цукерберг әлеуметтік желіде «ұнамайды» (dislike) деген перненің пайда болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы ол Калифорниядағы штаб-пәтерде өткен конференция кезінде хабарлады, деп жазады шетелдік БАҚ.

«Фейсбук қолданушылары dislike тетігін көп жылдар бойы сұрап келеді. Біз қазір осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», - деді Цукерберг.
Ол тетік қалай қолданылатынын, қашан пайда болатыны туралы ақпарат бермеді.