Фантастикалық шығармалардың байқауы басталды

Байқау Қазақстан және Ғарыш тақырыбын арқау етпек.
«Байқоңыр -2011» байқауының ұйымдастырушылары - «Болашақ» қауымдасты, «KAZNET Медия» ЖШС және «proza.kz» әдеби сайты.
Байқау 15-18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер арасында бір ай көлемінде өтеді.
www.baikonur.proza.kz сайты аталмыш байқаудың ресми ақпараттық сайты болып табылады. Қатысушы тұлғалар байқауға қатысты толыққанды ақпаратты осы сайттан ала алады және өз жұмыстарын орналастырып, өзге үміткерлердің шығармашылық жұмыстарымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар фантастикалық жанрға қызығушылық танытқан кез келген адам сайтқа кіріп, өз даусын қалаған туындыға беріп, жеке пікірін қалдыра алады.
Байқауға келіп түскен туындылар белгілі жазушылар мен редакторлардың қарауына жіберіледі. Жеңімпаздар сайттағы дауыс беру қорытындысы мен қазылар алқасының шешімі нәтижесінде анықталады.
«Республикалық байқаудың жеңімпаздары тұңғыш қазақстандық фантастикалық әңгімелер жинағына енбек. Бұл арқылы біз жас жазушылар талабының шыңдалуына қолдау жасап, тегін түрде өз туындыларын жарыққа шығару мүмкіндігін береміз», - деді «Болашақ» қауымдастығының жобалық менеджері Аян Әлжанов.
Байқау Қазақстанның қаламы қарымды, қиялы ұшқыр жас жазушыларының жаңа буынын қалыптастырып, тың жанрдың дамуына септігін тигізбек.