Фармацевтика саласына аудит: 5 іс Бас прокуратураға жолданды

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде фармацевтика саласына жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 5 іс Бас прокуратураға жолданды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы аудиторлық палатасының  төрағасы Әлихан Смайылов айтты.

Фармацевтика
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Әбенов ҚР Жоғарғы аудиторлық палата төрағасынан дәрі-дәрмек бағасын шамадан тыс көтеру фактісіне кім жауап беретінін сұрады.

– 5 материалды біз құқық қорғау органдарына жібердік. Бас прокуратура өз бағасын береді. Ары қарай тиісті құқық қорғау органдарына тергеу жүргізу үшін жібереді деп ойлаймыз, - деп жауап берді Әлихан Смайылов.

Бұл сауалға қосымша ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев та жауап берді.

– Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті өзге мемлекеттік атқарушы орган өкілдерімен бірлесе отырып жаңа шекті баға моделін құруға жауапты жұмыс тобын құрды. Ол топты өзім басқарамын, - деді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Ардақ Амангелдіұлы «2029 жылға дейін отандық дәрі-дәрмек көлемі 50 пайызға жете ме?» деген сауалға жауап берді.

Соңғы жаңалықтар