Фарух Тоқтасынов бокстан әлем кубогының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының финалдық кезеңінде ширек финалдық жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Фарух Тоқтасынов
Фото: ҚР ҰОК

70 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Қырғызстан өкілі Ихтиер Нишоновпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Тоқтасынов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) турнирдің финалына шыққан болатын.