Фатима Сұпығалиева жасөспірімдер Олимпиадасының алтын медалі үшін күреседі
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты.
Отандасымыз жарыстың жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алу үшін өткен белдесуде Фатима словакиялық Вивьен Вадовицовамен кездесті.
Қазақстандық дзюдошы қарсыласын иппонмен мерзімінен бұрын жеңіп, шешуші белдесуге жолдама алды.
Еске салайық, мұның алдында Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалына шыққанын хабарлаған едік.