Федеральдық резервтік жүйесінің басшысы: Доллар өз құнын сақтап қала алады

None
None
МӘСКЕУ. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат – АҚШ Федеральдық резервтік жүйесінің басшысы Бен Бернанке американдық долларды қорғап бағуда.
Джекилл аралында Атланты Федеральдық резервтік банкінің конференциясында сөйлеген сөзінен кейін сұрақтарға жауап бере отырып Б.Бернанке, «доллар өз құнын сақтап қала алатынын» және «күшті күйінде қала беретінін» мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.Бұл Федеральдық резервтік жүйенің «елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз етудегі өз міндетін ұстанатынына» байланысты деп көрсетті Б.Бернанке. Федеральдық резервтік жүйесінің басшысы таяу болашақта доллар жетекші әлемдік резервтік валюта рөлін сақтап қалатынын айтты. 19 ірі американдық банктер жүргізген тестілердің қорытындылары АҚШ-тың банктік жүйелеріне сенімді арттыруы тиіс деп санайды Б.Бернанке.
Соңғы жаңалықтар
telegram