Федералдық канцлер Ангела Меркель Астанаға ресми сапармен келеді

АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Шілденің 18-інде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Германия Федаративтік Республикасының Федералдық канцлері Ангела Меркель Астанаға ресми сапармен келеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

«Жоғары деңгейдегі келіссөздер аясында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-неміс ынтымақтастығының бүгінгі ахуалы мен келешегін талқылайды»,- деді ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, сапар барысында сонымен қатар бірқатар екіжақты келісімдер мен коммерциялық шарттарға қол қою, екі елдің іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар