Федерер гольфшы Вудсты артқа тастап, ең көп табысқа кенелген спортшы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Лондонда өткен кәсіби теннисшілер қауымдастығы чемпионатының топтық қорытынды кезеңінде неміс спортшысы Александр Зверевті 7:6 (8:6), 5:7, 6:1  есебімен жеңгеннен кейін америкалық гольфшы Тайгер Вудстан озып, өз карьерасында ең көп табысқа кенелген спортшы атанды.

Федерер гольфшы Вудсты артқа тастап, ең көп табысқа кенелген спортшы атанды

Федерердің еншісінде 110 235 682 доллар бар, деп хабарлайды Forbes. Ал Вудстың табысы - 110 061 012 доллар.

Федерер 1998 жылдан бері турға қатысып келеді. Осы уақыт аралығында ол 19 «Үлкен дулыға» жарыстарын қосқанда, 95 турнирде жеңіске жеткен. Сондай-ақ, Роджер 2017 жылы Австралия ашық чемпионаты мен Уимблдон чемпионатында да жарқырай көрінді.