Федерер Шанхайдағы турнирдің финалында Надальді сүріндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық  Роджер Федерер Шанхайда өтіп жатқан Кәсіби теннисшілер қауымдастығы турнирінің финалында әлемнің бірінші ракеткасы испандық Рафаэль Надальді жеңді.
None
None

1 сағат 13 минутқа созылған кездесу 6:4, 6:3 есебімен Федерердің пайдасына шешілді. 

Еске сала кетсек, бұл қарсыластардың  осы жылғы төртінші рет бақ таластыруы. Бәрінде де швейцариялық басым түскен.

Осымен Федерер өз спорттық жолындағы өзінің 94-інші турнирінде ұтып, Иваном Лендлдің көрсеткішімен теңесті,.деп хабарлайды sport.ua.

Соңғы жаңалықтар