Фермерлер астық кептіретін жабдықтарды алуға қамдануы керек - Сапархан Омаров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фермерлер бүгіннен бастап астық кептіретін жабдықтарды сатып алуға қамдануы керек. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.
None
None

«Ылғалдылығы басым астықтың үлесі көп болуы ықтимал және элеваторлар техникалық тұрғыда оны қабылдауға үлгермеуі мүмкін. Сондықтан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер бүгіннен бастап астық кептіретін жабдықтарды сатып алуға қамдануы керек»,-деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, жаңбырдың мол болуы, көктемнің ұзаққа созылуы солтүстік, орталық және батыс аймақтарда егін егуді оңтайлы мерзімде аяқтауды қиындатуда. Мамыр айында жауған жауын-шашын көп жылдық орташа нормадан үш есеге асып отыр. Осы орайда егін егу науқанының созылуы дәнді және майлы дақылдардың кеш пісіп-жетілуіне алып келуі мүмкін.

Өз кезегінде А.И. Бараев атындағы Қазақ астық шаруашылығы ҒӨӨ» ЖШС бас директоры Жексенбай Қасқарбаев егер де күзгі кезең жылы болса, онда егіннің пісуі мен жетілуінде проблема туындамауы тиіс.

«Сондықтан тамыз және қыркүйектің ауа-райы жылы болса, тәуекелдер болмауы да мүмкін»,-деді Ж. Қасқарбаев.

Соңғы жаңалықтар