ФИДЕ Гран-приінің 10-туры: Екі шахматшы Бибісара Асаубаеваны қуып жетті

НЬЮ-ДЕЛИ. ҚазАқпарат - Нью-Делиде (Үндістан) әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің 10-кезеңі аяқталды. Ресейлік шахматшы Александра Горячкина отандасы Полина Шуваловамен тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат championat.com сайтына сілтеме жасап.
None

Тағы бір ойында қытайлық Чжу Цзиньэр үндістандық Рамешбаба Вайшалиді ұтты.

Нәтижесінде 5 сәуірде өтетін ақтық кезең алдында әрқайсысы 5,5 ұпайдан жинаған үш шахматшы көш басында тұр.

Олар - қазақстандық Бибісара Асаубаева, қытайлық Чжу Цзиньэр және ресейлік Александра Горячкина.

11-ші турда Асаубаева- Лагномен, Горячкина - Хампи Конерумен, Чжу Цзиньэр - Нино Бациашвилимен ойнайды.

Қатысушылардың позициясы

1-3. Бибісара Асаубаева, Александра Горячкина, Чжу Цзиньэр — 8 ұпайдан 5,5 ұпай.

4. Екатерина Лагно — 8-ден - 4,5.

5. Полина Шувалова – 8-ден - 4.

6. Хампи Конеру —7-ден - 3,5.

7. Харика Дронавалли — 8-ден - 3,5.

8. Нино Бациашвили — 7-ден - 2,5.

9. Нана Дзагнидзе — 8-ден - 2,5.

10. Рамешбабу Вайшали — 8-ден - 2.

Еске сала кетейік, кеше Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирдің 9-турынан кейін жалғыз өзі бірінші орында тұрған.


Соңғы жаңалықтар