ФИФА 2014 жылғы халықаралық арбитрлардың тізімін бекітті

Оған төрешілерден алматылық Александр Алиев, қостайнайлық Анатолий Вишниченко, қызылжарлық Александр Гаузер, қарағандылық Артём Кучин еніп отыр. Төрешілердің ассистенттерінен алматылық Сергей Васютин пен Самат Тергеусізовке, астаналық Әлібек Әубәкіровке, тараздық Евгений Бельскийге, қызылордалық Серік Жаппасбаевқа, қостанайлық Санжар Ысқақовқа, павлодарлық Рустам Сүіновке, атыраулық Анатолий Ходинге сенім артылған.
Әйелдер футболының тізіміне алматылық Юлия Медведева, теміртаулық Эльвира Нұрмұстафина, тараздық Ирина Гаврилова, төрешілердің ассистенттерінен қостанайлық Анастасия Акимова мен Елена Алистратова, алматылық Лилия Каримова, сарандық Кристина Янушкевич енген. Шағын футболда астаналық Олжас Абраев пен қостанайлық Талғат Қосмұхамбетовқа, ал жағажай футболындағы төрешілерден алматылық Олег Бурмистров пен Павел Валяевқа ФИФА сенім артқан.