ФИФА: Футболдан ӘЧ-ның телеарналардағы көрсетілімі рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем біріншілігіндегі Жапония мен Кот-д'Ивуар құрамасы арасындағы ойын телеарналарды ең көп көрермен жиған ойынның бірі болды. Бұл туралы Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясының телеарналық директоры мәлім етті, деп жазады ИТАР-ТАСС.
None
None

Жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да 34,1 млн. жапондық көрермен "Эн-Хэ-Ка" арнасынан өз командаларының жеңіліске ұшыраған ойынын тамашалаған (1:2). Ал, біріншіліктің ашылу ойынында 42,9 млн. "Глобо" телеарнасынан ұлттық құрамаларының жарқын жеңісіне куә болған. Сондай-ақ, америкалықтар мен ганалықтардың ойынын 11,1 млн. адам тамашалап, ESPN каналында рекордтық көрсеткіш орнатқан.

Англия құрамасының италиядан жеңіліс тапқан ойынын BBC1 каналынан 14,2 млн адам тамашаласа, италиялық "Эр-Эй-Ай" арнасынан 12,8 млн адам көрген. Екі ел үшін де бұл трансляциялар ең рейтінгі жоғары көрсетілім болған.

Тағы бір дерек, Германия мен португалия ойынын трансляциялаған (4:0) "Эй-Эр-Дэ" каналының алдынан 26,4 млн көрермен табылған.

Соңғы жаңалықтар