FIFA рейтингінде Қазақстан футбол құрамасы төрт сатыға төмендеді

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық футбол қауымдастығы федерациясы (FIFA) әлемнің ерлер құрамаларының жаңа рейтингін жариялады.

FIFA рейтингінде Қазақстан футбол құрамасы төрт сатыға төмендеді
Фото: ҚФФ

Жаңартылған рейтингте Қазақстан құрамасы төртінші орынға төмен түсіп, 118-орынға тұрақтады. 

Қыркүйек айында ұлттық құрама Уэльс (0:1) пен Бельгияға (0:6) есе жіберді.

Рейтингте бірінші орында Испания құрамасы келеді. Одан кейінгі орындарға Франция мен Аргентина жайғасқан. 

Сондай-ақ, Англия, Португалия, Бразилия, Нидерланд, Бельгия, Хорватия, Италия келеді. 

Қазақстандық футболшылар сынға түсетін J тобындағы Уэльс 30, Солтүстік Македония - 63, Лихтенштейн - 204 орында тұр.

Отандастарымыз бақ сынап жатқан J тобында 5 ойыннан кейін Турнир кестесінде көш басында Солтүстік Македония 11 ұпаймен келеді. Ал үшінші Уэльс 10 ұпайды еншілесе, Қазақстан құрамасында 3 ұпай бар. Әзірге Лихтенштейнің қоржыны бос.

Енді бұл топтағы ойындар 10 қазанда өткізіледі. Бұл күні Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді қабылдаса, Бельгия мен Солтүстік Македония өзара шеберлік байқасады.

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев өз еркімен қызметінен кететінін мәлім етті.

Айта кетсек, Бельгиядан ірі жеңілістен кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Али Алиев қызметінен кететінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар