FIFA Series: Қазақстаннан өзге өз тобында 8 құрама жеңімпаз атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан FIFA Series халықаралық жолдастық турнирлер сериясында барлық жеңімпаз анықталды.

Футболдан Қазақстан құрамасы Астанада өткен FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бұл турнир әлемнің бірнеше елінде өткізілді. Турнирдің негізгі мақсаты - ұлттық құрамалардың ойын тәжірибесін арттырып, әртүрлі футбол мектептерінің бір-бірімен бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру.

FIFA Series аясында әр топқа түрлі құрлықтан төрт командадан бөлінеді. Әрбір құрама екі матч өткізеді. Бұл халықаралық күнтізбеге артық жүктеме түсірмей, сонымен бірге сапалы ойын тәжірибесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоба - әлемнің әртүрлі құрлықтарындағы құрамаларды бір алаңға жинап, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін халықаралық жарыс. Турнирдің басты ерекшелігі – командалардың басқа конфедерация өкілдерімен ойнауына жағдай жасау.

FIFA Series алғаш рет 2024 жылы пилоттық форматта ұйымдастырылды. Сол тәжірибеден кейін жоба толыққанды халықаралық турнир ретінде дамытылып, 2026 жылдан бастап кеңейтілген форматта өтеді.

Футболдан Қазақстан құрамасы Астанада өткен FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанды. Олар Намибия (2:0) және Комор аралдары (1:0) құрамаларынан басым түсті.

Алғашқыда оған Қазақстан, Намибия, Комор аралдары және Кувейт қатысады деп жоспарланған еді. Енді Кувейттің бас тартуына байланысты ойындарды айналмалы жүйе бойынша өткізуге шешім қабылданды.

Біздің құрамадан бөлек өз тобында Өзбекстан, Әзербайжан, Аустралия, Финляндия, Болгария, Руанда, Аруба және Пуэрто-Рико құрамалары да жеңімпаз атанды.

Биылғы турнир матчтары бірнеше елде өтті. Олардың қатарында Қазақстаннан өзге Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Қазақстан, Жаңа Зеландия, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан қабылдаушы елдер ретінде таңдалды.

Осыған дейін футболдан Қазақстан құрамасы Астанада өткен FIFA Series турнирінің жеңімпазы атанғаны туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар