Филадельфияда Мұхаммед Әлиді жеңген боксшы қайтыс болды

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Жақында ғана бойынан бауыр ісігі дерті табылған атақты ауыр салмақтағы америкалық боксшы Джо Фрейзер (Joe Frazier) Филадельфияда көз жұмды, деп хабарлайды Associated Press спортшы отбасының жасаған хабарламасына сілтеме жасап.
None
None

67 жасар боксшының бауыр ісігі дертіне шалдыққаны жөнінде тек 5 қарашада белгілі болған.

Джо Фрейзер Мұхаммед Әлиді тұңғыш рет жеңе білген боксшы ретінде танымал. Журналистер «Мыңжылдық жекпе-жегі» деп атап кеткен бұл кездесу 1971 жылы Нью-Йоркте өткен болатын.

Фрейзер кәсіби мансабын 1976 жылы аяқтайды, алайда 1981 жылы тағы бір рет шаршы алаңға шықаны есімізде.

Оның есімі бокстың екі бірдей Даңқ залына жазылған.

Соңғы жаңалықтар