Филадельфияда санитарлық авиация ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM — Медициналық эвакуация ұшағы Филадельфияның солтүстік-шығысында әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады, деп хабарлайды BBC.

Апатқа ұшыраған Learjet 55 ұшағын басқарған санитарлық авиация компаниясы оның бортында экипаждың төрт мүшесі, педиатриялық бөлімнен бір науқас және жолсерік болғанын хабарлады.
— Қазіргі кезде біз тірі қалғандардың бар екенін растай алмаймыз, — делінген Jet Rescue Air Ambulance мәлімдемесінде.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Roosevelt Mall жанында зардап шеккендер көп — апат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:30–да болған.
Бейнежазбадан ұшақтың жерге құлап, жарылғанын көруге болады.
Филадельфия мэрі Шерелл Паркер оқиға орнында өткізген баспасөз мәслихатында бірнеше үй мен көліктің өртенгенін хабарлады.
Санитарлық авиация ұшағы Солтүстік-Шығыс Филадельфия әуежайынан ұшып шығып, Миссури штатындағы Спрингфилд-Брансонға бет алды. Апаттың себептері әзірге белгісіз.
БАҚ-тың хабарлауынша, ауа райы салқын және жаңбырлы, ал көріну нашар болды.
Еске салсақ, 30 қаңтарда Вашингтон әуежайының маңында шағын ұшақ өзенге құлады.
Президент Трамп Вашингтондағы ұшақ апатынан ешкім аман қалмағанын хабарлады.