Вашингтондағы ұшақ апатынан ешкім аман қалмады – Трамп

АСТАНА.KAZINFORM - Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен баспасөз брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.

Вашингтондағы ұшақ апатынан ешкім аман қалған жоқ – Трамп
Фото: pressball

Колумбия округі өрт сөндіру бөлімінің бастығы Джон Коннели де апаттан ешкім аман қалмағаны жайлы айтты.

ТАСС хабарлағандай, Дональд Трамп Вашингтондағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында Ресей азаматтары бар екенін растады және олардың отбасына көңіл айтты.

- Бұл көптеген адамға, соның ішінде, өкінішке қарай, бортта болған басқа ел азаматтарына да әсер етті. Олардың туыстары қазір Уичитода, Канзаста, Вашингтонда және бүкіл Америкада және Ресейде қайғы жамылып отыр. Сонымен қатар жолаушылар арасында өте талантты адамдардан құралған ресейлік топ болды. Өкінішке қарай, олар осы ұшақ ішінде болған. Қайғыра көңіл айтамын, - деді Трамп Ақ үйде сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, АҚШ астанасы Вашингтонда шағын ұшақ Потомак өзеніне құлады. Апат Ақ үй мен Капитолийден оңтүстікке қарай төрт шақырымдай жерде орналасқан Рональд Рейган әуежайының маңында болды.

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айтты.

 

 

Соңғы жаңалықтар