18:05, 30 Қаңтар 2025 | GMT +5
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.
Вашингтонда ұшақ пен тікұшақтың соқтығысуынан кем дегенде 18 адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.