Филипп Киркоров 2027 жылы Санкт-Петербургте 10 концерт өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің халық әртісі Филипп Киркоров 2027 жылы Санкт-Петербургтегі «Октябрьский» үлкен концент залының сахнасында қатарынан 10 концерт өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ТАСС.

салық
Фото: twitter.com

Әншінің айтуынша, концерттер сәуір айында өтеді және оның мерейтойлық бағдарламасының бір бөлігіне айналады.

– Бұған дейін бір күнде екі концерт берген емеспін. Санкт-Петербургте төрт концерт өткізген кезім болды. Оны келесі жылы «Октябрьский» залында өтетін он концерттің дайындық кезеңі деп есептейік. Мерейтойлық жылымда қатарынан он концерт өткізуді жоспарлап отырмыз, – деді Филипп Киркоров.

Оның сөзінше, ауқымды концерттік серия арнайы мерейтойлық бағдарлама аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Филипп Киркоров – ресейлік эстрададағы ең танымал орындаушылардың бірі, ол ірі концерттік жобаларымен және шоу бағдарламаларымен кеңінен белгілі.

Екі жыл бұрын Киркоров мемлекетке 8 миллион рубль салық қарызын қайтарғаны хабарланды.