Киркоров мемлекетке 8 миллион рубль салық қарызын қайтарды
Мәскеу соты әнші Филипп Киркоровтан 8 миллион рубльге жуық салық берешегін өндіріп алды. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Мәскеудің Таган ауданының № 374 сот учаскесінің судьясы қарызды өндіріп алу туралы өтінішті қарап, Филипп Киркоровтан Мәскеудегі № 9 федералды салық қызметі инспекциясының пайдасына 2022 жылғы салықтар мен алымдар бойынша 7 972 985 рубль мөлшеріндегі қарыз бен 24 мың рубль мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы бұйрық шығарды», - делінген сот өкілінің мәлімдемесінде.